27 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №1

763 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 ақпан, 43 Астана қаласы Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-1-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші қызметтерін атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспары Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау бойынша оқыту курсының ұзақтығы 99 оқу сағатын құрайды. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілер үшін даярлау бойынша бір оқыту курсы 99 оқу сағатын, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін – 146 оқу сағатын құрайды. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық білім негіздері – 28 сағат; 2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері – 38 сағат; 3) жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіптік даярлау негіздері – 11 сағат; 4) психологиялық даярлық – 6 сағат; 5) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат; 6) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 6 сағат. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық білім негіздері 1. Қазақстан Республикасының күзет қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, міндеттері және қағидаттары. Күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері 8 4 4 2. Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері 5 4 1 3. Еңбек заңнамасының негіздері 4 2 2 4. Жеке күзет ұйымының жұмыскерлері қолданатын мәжбүрлеу шараларының құқықтық сипаттамасы 2 2 - 5. Жеке күзет ұйымының кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануының құқықтық негіздері 2 1 1 6. Қылмыстың ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 3 3 - 7. Мемлекеттік күзетілу тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптар 2 1 1 8. Емтихан 2 - 2 Барлығы 28 17 11 2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері 1. Жеке күзет ұйымдарының қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, классификациялау, күзетуге қабылдау. Шарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау 8 4 4 2. Жеке күзет қызметін басқару 8 4 4 3. Әр түрлі мақсаттағы объектілерді күзетудің ерекшеліктері 6 2 4 4. Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері 4 2 2 5. Жеке күзет ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 3 3 - 6. Күзет ұйымдарының құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы 3 3 - 7. Жеке күзет ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негіздері 4 2 2 8. Күзет қызметтерінің маркетингі негіздері 2 2 - Барлығы 38 22 16 3. Жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіптік даярлау негіздері 1. Қызметтік және арнайы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 4 - 4 2. Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 4 - 4 3. Террорға қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 3 - 3 Барлығы 11 - 11 4. Психологиялық даярлық 1. Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері. 1 1 - 2. Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. «Қиын» бағыныстыларға психологиялық ықпал ету әдістері 1 1 - 3. Жеке тұлғаның қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы. Қысылтаяң жағдайдың ұғымы. Қысылтаяң жағдайдағы іс-әрекеттерге психологиялық даярлық. Психоэмоционалдық қобалжуды басу 4 - 4 Барлығы 6 2 4 5. Терроризмге қарсы даярлық 1. Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері 2 2 - 2. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары 2 1 1 3. Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі 3 1 2 4. Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі 3 1 2 Барлығы 10 5 5 6. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше оқиғалар туралы ұғым және оларды классификациялау. Мемлекеттік жүйенің төтенше жағдайларда алдын-ала ескерту әрекет ету жөнінде жалпы сипаттамасы 1 1 - 2. Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары 1 1 - 3. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 1 1 - 4. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған кезде күзет жұмыскерлерінің тактикалық әрекеті. Қауіпсіздік шаралары 2 2 - 5. Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымының жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу. 1 1 - Барлығы 6 6 - Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық білім негіздері – 10 сағат; 2) қызметтік даярлық – 17 сағат; 3) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат; 4) криминалистика – 8 сағат; 5) атыс даярлығы – 17 сағат; 6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 19 сағат; 7) медициналық даярлық – 4 сағат; 8) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат; 9) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 10 сағат. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық білім негіздері 1. Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары 2 2 - 2. Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік 2 2 - 3. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері 2 2 - 4. Қызметтік қаруды және арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері 2 2 - 5. Жеке күзет ұйымдары жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы 2 2 - Барлығы 10 10 - 2. Қызметтік даярлық 1. Күзет қызметін ұйымдастыру, міндеттері мен негізгі бағыттары 1 1 - 2. Құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу 2 2 - 3. Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілердің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі 2 2 - 4. Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тексеру жүргізудің негіздері мен тәртібі 2 - 2 5. Құтқару қызметтерін шақыру және оларды объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу 2 - 2 6. Стационарлық күзетілетін объектілерде, айналып өтетін постыларда және ұтқыр топтарда қызмет өткеру тәртібі 2 2 - 7. а) Банктерде және басқа да ауқымды материалдық құндылықтар сақталатын орындарда; б) сауда мекемелерінде қызметті ұйымдастыру және өткерудің ерекшеліктері: 2 2 - 8. Оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау 1 1 - 9. Қысылтаяң жағдайлар. Жағдайға баға беру психологиясы. Қысылтаяң жағдайдың дамуын болжау. Өзін-өзі ұстай білу 2 1 - 10. Кәсіптік мәдениет және әдеп 1 1 - Барлығы 17 12 5 3. Арнайы техника мен байланыс құралдарының негіздері 1. Қазіргі заманғы сигнализация құралдарының мақсаты, оларды объектілерде орналастыру орындары. Бөтен тұлғалар кірген жағдайда іске қосылу белгілері 1 1 - 2. Орталықтарған бақылау пульттері және дербес сигнализациялар арқылы объектілерді күзетуді ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті сигнализация құру жолымен аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары 1 1 - 3. Күзетте қолданылатын сымды және радиобайланыс құралдары 1 1 - 4. Күзет-өрт сигнализацисы құралдарының объектілерді күзетуді қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы 1 - 1 Барлығы 4 3 1 4. Криминалистика 1. Оқиға болған жерді қарау әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау 3 3 - 2. Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері 2 2 - 3. Сөзбен сипаттау портретін іздестіру мақсатында пайдалану 3 - 3 Барлығы 8 5 3 5. Атыс даярлығы 1. Атыс негіздері. Баллистика 2 2 - 2. Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі 3 3 - 3. Қызметтік қарудың мақсаты, ұрыстағы ерекшелігі, құрылысы. Қызметтік қарудың материалдық бөлігі 4 2 2 4. Қарудан оқ ату тәсілдері мен ережелері. Қарумен атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері 2 - 2 5. Қызметтік қаруды ұстаған кездегі қауіпсіздік шаралары 1 - 1 6. Қызметтік қарудан оқ атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі 2 - 2 7. Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу бойынша сынақ. Практикалық атыстар 3 - 3 Барлығы 17 7 10 6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы 1. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, белсенді қорғаныс құралдарын және қол кісендерін қолданудың құқықтық негіздері 2 1 1 2. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданушы жұмыскерлердің құқықтары мен жауапкершілігі 1 1 - 3. Сырттай тексеру тәсілдері. Қауіпсіздік шаралары 2 1 1 4. Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану 2 - 2 5. Әр түрлі қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау 2 - 2 6. Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған адамның соққы беруінен қорғану 2 - 2 7. Қарумен қауіп төндіруден қорғану және қылмыскерді қауіпсіздендіру әрекеті 2 - 2 8. Қылмыскердің босауы, оны ұстау және ілесіп жүру кезінде әріптесіне көмектесу 3 1 2 9. Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары 3 1 2 Барлығы 19 5 14 7. Медициналық даярлық 1. Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек 1 - 1 2. Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны таңу 1 1 - 3. Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек 1 1 - 4. Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері 1 1 - Барлығы 4 3 1 8. Терроризмге қарсы даярлық 1. Терроризмге қарсы азаматтық іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері 2 2 - 2. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты 2 1 1 3. Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі 3 1 2 4. Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі 3 1 2 Барлығы 10 5 5 9. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше оқиғаларды туралы ұғым және оларды классификациялау 1 1 - 2. Мемлекеттік жүйенің төтенше жағдайларда алдын-ала ескерту әрекет ету жөнінде жалпы сипаттамасы 1 1 - 3. Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары 1 1 - 4. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 2 2 - 5. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған кезде күзет жұмыскерлерінің тактикалық әрекеті. Қауіпсіздік шаралары 3 1 - 6. Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымының жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен алғашқы жұмыс істеу 2 2 - Барлығы 10 8 - Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық білім негіздері – 10 сағат; 2) арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық – 36 сағат; 3) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат; 4) криминалистика – 4 сағат; 5) атыс даярлығы – 34 сағат; 6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 34 сағат; 7) медициналық даярлық – 4 сағат; 8) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 10 сағат; 9) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 2 сағат; 10) кешенді оқыту (оқу, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру процессінде алған білімдерін шынайту) – 8 сағат. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық білім негіздері 1. Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары 2 2 - 2. Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік 2 2 - 3. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері 2 2 - 4. Дене күшін, арнайы құралдарды және қызметтік қаруды қолданудың құқықтық негіздері 2 2 - 5. Жеке күзет ұйымдары жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы 2 2 - Барлығы 10 10 - 2. Арнайы-тактикалық даярлық 1. Жеке тұлғаның қауіпсіздігі негіздері 2 2 - 2. Арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері 2 2 - 3. Автомобильдерді пайдалана отырып, арнайы күзет операцияларын өткізу негіздері 2 2 - 4. Минаға қарсы бақылау 6 2 4 5. Күзетілетін адамды бақылауды анықтау негіздері 6 2 4 6. Күзетілетін адамды қорғаудың негізгі әдістері мен тәсілдері 18 - 18 Барлығы 36 10 26 3. Арнайы техника және байланыс негіздері 1. Күзет қызметінде қолданылатын техникалық құралдардың жалпы сипаттамасы 2 - 2 2. Күзет қызметінде пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары 2 - 2 Барлығы 4 - 4 4. Криминалистика 1. Адамның сыртқы белгілері бойынша ажырату 2 - 2 2. Жалған құжаттардың белгілері және оларды анықтау тәсілдері 2 - 2 Барлығы 4 - 4 5. Атыс даярлығы 1. Қаруды және оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары 2 2 - 2. Тапаншадан оқ ату тәсілдері мен ережелері 2 - 2 3. Қозғалмайтын нысана бойынша тапаншадан оқ ату 4 - 4 4. Шектеулі уақытта пайда болатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату 6 - 6 5. Нысаналар тобы бойынша тапаншадан оқ ату 4 - 4 6. Қозғалыс кезінде тапаншадан оқ ату 6 - 6 7. Қозғалатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату 4 - 4 8. Автомобильден оқ ату 2 - 2 9. Классификациялық жаттығуды орындау 4 - 4 Барлығы 34 2 32 6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы 1. Білек күшін қолдану. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің негіздері 2 - 2 2. Құлау, тоңқалаң асу және аударылу техникасы 2 - 2 3. Қолмен соққы беру техникасы 2 - 2 4. Қолмен соққы беруден қорғану 4 - 4 5. Аяқпен соққы беру техникасы 2 - 2 6. Аяқпен соққы беруден қорғану 2 - 2 7. Лақтырулар 4 - 4 8. Ауыртатын тәсілдер 4 - 4 9. Қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау 2 - 2 10. Қарусыздандыру тәсілдері 4 - 4 11. Күрделі жағдайларда қоян-қолтық ұрыс жүргізу тактикасы 4 - 4 12. Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары 2 - 2 Барлығы 34 - 34 7. Медициналық даярлық 1. Жарақаттанулар, буынның шығуы, бас сүйек-ми жарақаттары, сынулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек 1 - 1 2. Қан кету, оның түрлері мен белгілері. Жараны таңу 1 1 - 3. Атыс қаруынан жаралану және басқа да ауыр дене жарақаттарын алған кезде алғашқы медициналық көмек 1 1 - 4. Адамның тіршілігі мен өлімінің белгілері 1 1 - Барлығы 4 3 1 8. Кәсіби-қолданбалы тренингтер 1. Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Аномальдық жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату 2 - 2 2. Терроризмнің психологиялық аспектілері 3 2 1 3. Күзетшінің қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы 2 - 2 4. Әр түрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін – санасын, зейінін, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық жол) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ) 3 - 3 Барлығы 10 2 8 9. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 2 - 2 Барлығы 2 - 2 Жеке күзет ұйымдарының басшылары лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайда екі жылда бір рет ұзақтығы 19 оқу сағат біліктілігін арттырудан өтеді. Жеке күзет ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық даярлық – 4 сағат; 2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру – 5 сағат; 3) кәсіптік даярлық – 4 сағат; 4) психологиялық даярлық – 2 сағат; 5) терроризмге қарсы даярлық – 2 сағат; 6) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 2 сағат. Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық даярлық 1. Семинар өткізу кезінде күзет қызметі субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау 2 2 - 2. Құқықтық сипаттағы тапсырмаларды шешу жөніндегі ахуалдық тренинг 2 2 - Барлығы 4 4 - 2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру 1. Жеке күзет қызметін басқаруды жетілдіру. Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері 1 1 - 2. Жеке күзет ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1 1 - 3. Құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу 1 1 - 4. Жеке күзет ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің негіздері 1 1 - 5. Күзет қызметтерінің маркетингі негіздері 1 1 - Барлығы 5 5 - 3. Кәсіптік даярлық 1. Қызметтік және арнайы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 2 - 2 2. Атыс даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі 2 - 2 Барлығы 4 - 4 4. Психологиялық даярлық 1. Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – бағынысты. Бағыныстылардың психотиптері. 1 1 - 2. Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және жүріс-тұрыс әдеті. Өндірістегі қақтығыс жағдайларды шешу. «Қиын» бағыныстыларға психологиялық ықпал ету әдістері 1 1 - Барлығы 2 2 - 5. Терроризмге қарсы даярлық 1. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаттары 1 - 1 2. Күзет қызметінің алдын алу іс-шаралары. Жарылғыш құрылғы қою туралы сигнал алған кездегі әрекет ету тәртібі 1 1 - Барлығы 2 1 1 6. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше оқиғаларды туралы ұғым және оларды классификациялау. Мемлекеттік жүйенің төтенше жағдайларда алдын-ала ескерту әрекет ету жөнінде жалпы сипаттамасы 1 1 - 2. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 1 1 - Барлығы 2 2 - Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілер үшін біліктілігін арттыру бойынша бір оқыту курсы 36 оқу сағатын, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер үшін – 72 оқу сағатын құрайды. Күзетшілердің біліктілігін арттыру лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілі болған жағдайдажыл сайын және жұмыс өтілі бір жылдан артық үзілген жағдайда жұмысқа жаңадан қабылданған кезде өтеді. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық білім негіздері – 8 сағат; 2) қызметтік даярлық – 10 сағат; 3) криминалистика – 4 сағат; 4) атыс даярлығы – 6 сағат; 5) медициналық даярлық – 2 сағат; 6) терроризмге қарсы даярлық – 2 сағат; 7) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 4 сағат. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық даярлық 1. Күзет қызметінің құқықтық негіздері 2 2 - 2. Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар 2 2 - 3. Қылмыстық құқық бойынша әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар. Күзет жұмыскерлерінің дене күшін, арнайы құралдар мен қару қолдануының құқықтық негіздері 2 2 - 4. Еңбек заңнамасының негіздері 2 2 - Барлығы 8 8 - 2. Қызметтік даярлық 1. Күзет қызметін жүзеге асыру кезіндегі күзетшілердің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілерге қойылатын талаптар 2 2 - 2. Күзетілетін объектілердегі күзет-режимдік іс-шаралардың мазмұны. Өткізу режимі. Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу 2 2 - 3. Күзет жұмыскерінің қысылтаяң жағдайларда іс-әрекеті тактикасы 2 2 - 4. Есту және көру қабілетін дамыту, адамдармен психологиялық байланыс орнату және жеке адамның психодиагностикасы, өзін-өзі психологиялық дайындау және қысылтаяң жағдайлардан шығу жөніндегі психотренингтер 4 - 4 Барлығы 10 6 4 3. Криминалистика 1. Оқиға болған жерді қарау. Қылмыстың іздерін сақтау. Адамды сыртқы белгілері бойынша ажырату 2 - 2 2. Жалған құжаттардың белгілері және оларды анықтау тәсілдері 2 - 2 Барлығы 4 - 4 4. Атыс даярлығы 1. Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Ататын қарудың материалдық бөлігі 2 - 2 2. Ататын қарудан қозғалмайтын, пайда болатын және қозғалатын нысана бойынша оқ ату 4 - 4 Барлығы 6 - 6 5. Медициналық даярлық 1. Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері. Таңғыш қалақ, бұраулар және таңғыштар тарту техникасы 1 - 1 2. Қан кеткенде, кеуде және іш жарақаттанғанда, соғылғанда, шыққанда, сынғанда, күйгенде, үсіп қалғанда, электр-зақымдарда, естен танған жағдайда, жылу және күн өткен кездегі алғашқы медициналық көмек 1 - 1 Барлығы 2 - 2 6. Терроризмге қарсы даярлық 1. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (ҚЖҚ), олардың элементтері және әрекет ету қағидаты 1 - 1 2. Жарылу қаупі бар заттардың болуына аумақты, көлік құралдарын, ғимараттар мен үй-жайларды тексеру тәртібі 1 - 1 Барлығы 2 - 2 7. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше оқиғаларды туралы ұғым және оларды классификациялау. Мемлекеттік жүйенің төтенше жағдайларда алдын-ала ескерту әрекет ету жөнінде жалпы сипаттамасы 1 1 - 2. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары 1 1 - 3. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған кезде күзет жұмыскерлерінің тактикалық әрекеті. Қауіпсіздік шаралары 1 1 - 4. Өрт орын алған жағдайда жеке күзет ұйымының жұмыскерлерінің іс-әрекеті. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен алғашқы жұмыс істеу 1 1 - Барлығы 4 4 - Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі: 1) құқықтық даярлық – 4 сағат; 2) арнайы-тактикалық (оның ішінде терроризмге қарсы) даярлық – 18 сағат; 3) атыс даярлығы – 18 сағат; 4) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 18 сағат; 5) медициналық даярлық – 2 сағат; 6) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 5 сағат; 7) авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету – 1 сағат; 8) кешенді оқыту (оқу, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру процессінде алған білімдерін шынайту) – 6 сағат. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу жоспары р/с № Тақырыптың атауы Барлық сағат Оның ішінде дәрістер практикалық сабақтар 1 2 3 4 5 1. Құқықтық даярлық 1. Қажетті қорғаныс. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтары мен міндеттері. Оққағардың өз өкілеттігін асыра пайдалануы 2 2 - 2. Мәселелерді шешудегі ахуалдық тренинг 2 - 2 Барлығы 4 2 2 2. Арнайы-тактикалық даярлық 1. Минаға қарсы бақылау 4 - 4 2. Күзетілетін адамды байқауды анықтау негіздері 2 - 2 3. Күзетілетін адамды қорғау тәсілдерінің тактикасын және техникасын жетілдіру 6 - 6 4. Кешенді оқыту 6 - 6 Барлығы 18 - 18 3. Атыс даярлығы 1. Қаруды және оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары 2 2 - 2. Тапаншадан оқ ату тәсілдері мен ережелері техникасын жетілдіру 1 - 1 3. Қозғалмайтын нысана бойынша тапаншадан оқ ату техникасын жетілдіру 1 - 1 4. Шектеулі уақытта пайда болатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату 2 - 2 5. Нысаналар тобы бойынша тапаншадан оқ ату 2 - 2 6. Қозғалыс кезінде тапаншадан оқ ату 4 - 4 7. Қозғалатын нысана бойынша тапаншадан оқ ату 2 - 2 8. Автомобильден оқ ату 2 - 2 9. Классификациялық жаттығуды орындау 2 - 2 Барлығы 18 2 16 4. Арнайы дене шынықтыру даярлығы 1. Құлау, тоңқалаң асу және аударылу техникасын жетілдіру 2 - 2 2. Қолмен, аяқпен соққы беру техникасын жетілдіру 2 - 2 3. Қолмен, аяқпен соққы беруден қорғану техникасын жетілдіру 2 - 2 4. Лақтырулар техникасын жетілдіру 2 - 2 5. Ауыртатын тәсілдерді жетілдіру 2 - 2 6. Қапсырып-құшақтап ұстаулардан босау 2 - 2 7. Қарусыздандыру тәсілдері 2 - 2 8. Күрделі жағдайларда қоян-қолтық ұрыс жүргізу тактикасы 2 - 2 9. Сынақтар тапсырумен бақылау сабақтары 2 - 2 Барлығы 18 - 18 5. Медициналық даярлық 1. Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері 1 - 1 2. Қан кеткенде, кеуде және іш жарақаттанғанда, соғылғанда, шыққанда, сынғанда, күйгенде, үсіп қалғанда, электро-зақымдарда, естен танған жағдайда, жылу және күн өткенде, жануарлар, жыландар, улы жәндіктер шаққанда, әртүрлі уланулар кезіндегі алғашқы медициналық көмек 1 - 1 Барлығы 2 - 2 6. Кәсіби-қолданбалы тренингтер 1. Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Ауытқушылығы бар жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату 1 - 1 2. Терроризмнің психологиялық аспектілері 2 2 - 3. Күзетшінің қысылтаяң жағдайдағы мінез-құлқы 1 - 1 4. Әртүрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін - санасын, зейінін, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық тәсіл) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ) 1 - 1 Барлығы 5 2 3 7. Авариялар мен төтенше жағдайлар орын алған жағдайда әрекет ету 1. Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 1 1 - Барлығы 1 1 - Даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі курс аяқталғаннан кейін оқу орталығында өткен тақырыптар бойынша емтихандар өткізіледі. Емтихандарды құрамында кемінде 3 адам бар комиссия өткізеді, оның төрағасы барлық күзет қызметі субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізетін бөлімшенің уәкілетті органының өкілі болып табылады. Білім алушылардың емтиханды қайта тапсыруы емтиханды алғаш тапсырудан кейін кемінде 2 аптадан соң өткізілуі мүмкін. Емтихандарды жақсы тапсырған адамдарға мамандандырылған оқу орталығының басшысы және емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қойған оқу орталығының біліктілікті беру/растау туралы куәлігі беріледі. Жеке күзет ұйымдары басшыларының даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі Мамандандырылған оқу орталығының атауы: __________________________________________________________________________________________ Мекен-жайы: _____________________________________________________________________________ ____ КУӘЛІК Осы куәлік ______________________________________________________________________________ ____________________ берілді, яғни ол 20__ жылғы «__»_________________________ бастап, 20__ жылғы «__» _________ дейін _________________________________________________оқыды. (мамандандырылған оқу орталығының атауы) Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы «__» ______ № _______ шешімімен «Жеке күзет ұйымының басшысы» біліктілігі берілді/расталды Комиссия төрағасы ________________________________ Директор_________________________________________ Комиссия мүшесі __________________________________ м.о. 20__ жылғы «__» _____________ Тіркеу № __________ Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі Мамандандырылған оқу орталығының атауы: __________________________________________________________________________________________ Мекен-жайы: ____________________________________________________________________________ ____ КУӘЛІК Осы куәлік ______________________________________________________________________________ ____________________ берілді, яғни ол 20__ жылғы «__»_________________________ бастап, 20__ жылғы «__» _________ дейін _________________________________________________оқыған (мамандандырылған оқу орталығының атауы) Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы «__» ______ № _______ шешімімен «Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасу кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетші» біліктілігі берілді/расталды Комиссия төрағасы ________________________________ Директор_________________________________________ Комиссия мүшесі __________________________________ м.о. 20__ жылғы «__» _____________ Тіркеу № __________ Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәліктің үлгісі Мамандандырылған оқу орталығының атауы: ________________________________________________________________________________________ Мекен-жайы: ____________________________________________________________________________ ____ КУӘЛІК Осы куәлік _________________________________________ ___________________________________ берілді, яғни ол 20__ жылғы «__»__________________________ бастап, 20__ жылғы «__» _________ дейін _________________________________________________оқыған (мамандандырылған оқу орталығының атауы) Оқу орталығы комиссиясының 20__ жылғы «__» ______ № _______ шешімімен «Жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі күзетші» біліктілігі берілді/расталды Комиссия төрағасы ________________________________ Директор_________________________________________ Комиссия мүшесі __________________________________ м.о. 20__ жылғы «__» _____________ Тіркеу № __________ Даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәлік баспаханалық офсеттік тәсілмен дайындалады, түсі жасыл, көлемі 115х75 мм болады. Куәлікті дайындау кезінде мемлекеттік нышандарды пайдалануға тыйым салынады, куәліктердің саны мен қорғалу дәрежесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10557 болып енгізілді.